Жас ғалымдарды қолдау мақсатында елімізде арнайы тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды

Жас ғалымдарды қолдау мақсатында елімізде арнайы тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды

 

Қазақстан жас ғалымдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтылуда. Ғалымдарға қолдау көрсету қажет екендігі және қазіргі уақытта ҚР-да ғылыми кадрлардың тапшылығы көптен бері және жүйелі түрде айтылып келеді. Мәселен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 90-жылдардағы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан 30 мыңнан астам ғалымнан айырылғаны республиканың ғылыми әлеуетіне ауыр соққы болғанын айтады.

Жас ғалымдарды қолдау, оларды ел ішінде қалдыру мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Сонымен, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов жаңартылған заң жобаларының арқасында қазақстандық ғалымдар үздіксіз, тұрақты жалақы алып, грантқа тәуелді болмайтынын айтты.

Сонымен қатар, ҚР-да жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ететін маңызды бағдарлама: Отбасы банкі арқылы жеңілдікті несиелендіру қолға алынды. Әлеуетті қарыз алушылардың тізімінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің 53 ұйымының жас ғалымдары бар. Бағдарлама жас ғалымдарға өзінің алғашқы пәтерін сатып алуға және тиісінше, туған елінің игілігі үшін ғылыми зерттеулерді жалғастыру үшін Қазақстанда қалуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша несиенің максималды сомасы 20 млн теңге, несие мерзімі 19 жылға дейін, мөлшерлемесі бар болғаны жылына 5% (ЖТСМ — 5,2%-дан бастап). Төлем әбден қолайлы және қалтаға салмақ салмайды: ғалым ең көп дегенде 20 млн теңге несие алса да, алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем мөлшері 155 мың теңгені құраса, келесі жылдары ол 84 мың теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, Отбасы банкі мен тиісті министрлік ғылыммен және зерттеумен айналысатын жастардың өмірін жайлы әрі гүлдендіріп, ҚР-ның академиялық ортасын жақсартуға ықпал етеді.

Бағдарлама биыл 1 желтоқсаннан бастап әрекет етеді. Алғашқы айда 16 ғалым 311 млн 415 мың теңге несие алып үлгерді.

 

 

Тұрғын үй бағдарламасы, сондай-ақ жалпы жас ғалымдарды қолдаудың барлық шаралары Қазақстан үшін өте өзекті, өйткені әзірге елімізде ғылым мен ғалымдардың жағдайы мүшкіл.

Мысалы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындайтын персонал саны бойынша 10 мың қызметкерге шаққанда Қазақстан ТМД елдері арасында аутсайдерлердің қатарында: бар болғаны 25 адам, оның ішінде тек 19-ы ғана зерттеуші.

Салыстыру үшін: Ресейде 10 мың қызметкерге ҒЗТКЖ-мен айналысатын 92 қызметкер (оның ішінде 47-і зерттеуші), Беларусьте — 53 (34-і зерттеуші), Арменияда — 49 (38-і зерттеуші) бар.

Тіпті территориясы мен халқының саны жағынан айтарлықтай шағын Молдова да ҚР-дан (10 мың адамға шаққанда 49 ғалым), сондай-ақ Әзірбайжаннан (40 ғалым) алда.

 

 

Рейтинг деректері 2021 жылғы. Содан бері Қазақстанда жағдай жақсарды ма? Көп өзгерген жоқ. Мәселен, 2021 жылы ҒЗТКЖ қызметкерлері саны 21,6 мың адамды құраса, 2022 жылы ол 3,9% ғана өсіп, 22,5 мың адамға жеткен. Салыстыру үшін: 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,7 мың адамды, 2014 жылы 25,8 мың адамды құрады.

Ғылым және жоғары білім министрі өз елінде орын таппаған қазақстандық ғалымдардың шетелде өзге елдердің экономикасы игілігі үшін жемісті еңбек етіп жатқанын ескертті. Енді жас ғалымдар өз баспанасы мен қолдауы жоғары болғандықтан ҚР-да ғылымды дамыту үшін қалады деп сенуге болады.

 

05 Март 2022

Фармацевтический рынок РК серьёзно зависит от импорта. При этом наши ключевые поставщики медикаментов среди стран СНГ — Россия, Украина и Беларусь

02 Март 2022

Казахстанцы и чай: в каких городах РК любимый напиток стоит дороже всего?

08 Ноябрь 2021

Доля новых автомобилей на дорогах РК растёт, однако почти две трети автопарка всё ещё составляют «старички». В стране также колесит «автохлам» с иностранными номерами

27 Октябрь 2021

Вам письмо: объём почтовых и курьерских услуг вырос за год сразу на треть

07 Октябрь 2021

Более 40% всех газифицированных сёл и городов Казахстана приходятся всего на два региона

06 Октябрь 2021

Летнее дизельное топливо подорожало на 8% за год. И это ещё до ситуации с наиболее острым дефицитом

29 Сентябрь 2021

В рейтинге стран по производству легковых автомобилей Казахстан занял среди 39 стран лишь 35-е место

24 Сентябрь 2021

Импорт медикаментов в РК вырос на 71% в натуральном выражении и на 92% — в денежном

Reviews

Казахстан