Небәрі тоғыз айда 18 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы тіркелді

Небәрі тоғыз айда 18 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы тіркелді

 

2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда киберқауіпсіздік саласында көрсетілген қызмет көлемі 7,5 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 2 есе көп.

Кәсіпорын көлемі бойынша шағын компаниялар ең көп қызмет көрсетті: 4,9 млрд теңге. Ірі компаниялар 2,6 млрд теңгенің, бір жылда 36% көбейген; орта кәсіпорындар небәрі 4,1 млн теңгенің қызметін көрсетті.

Меншік түрлері бойынша жеке компаниялар 4,9 млрд теңгенің, мемлекеттік кәсіпорындар 2,6 млрд теңгенің қызметін көрсетті.

 

 

Өңірлер бойынша киберқауіпсіздік саласындағы ең көп қызмет Алматыда көрсетілген: 3,8 млрд теңге — былтырғыдан бірден 3 есе көп.

Екінші және үшінші орында Астана (3,2 млрд теңге, жылдық өсім 60,5%) және Қарағанды облысы (171,2 млн теңге, 86,2% көбейген). Секторда ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген: небәрі 391,3 мың теңге.

 

 

Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша, Қазақстанда 18,5 мың кибершабуыл тіркелді, бұл былтырғыдан 56,2% көп.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде мұндай шабуыл саны бір жылда 21,9% азайып, 11,8 мың болған.

Биыл кибершабуылдың көбі компьютерлерді зиянды вирустарға, желілік құрттарға және трояндармен жұқтыруға қатысты: 3 мың жағдай, бір жылдағы өсім 71,2%.

Ботнеттер (3 мың жағдай), интернет-ресурсқа қосыла алмау (813 жағдай), фишинг (628 жағдай), рұқсатсыз кіру және интернет-ресурс мазмұнын өзгерту (317 жағдай), қызмет көрсетуден бас тарту (118 жағдай) сияқты оқиғалар жиі байқалды.

 

05 Март 2022

Фармацевтический рынок РК серьёзно зависит от импорта. При этом наши ключевые поставщики медикаментов среди стран СНГ — Россия, Украина и Беларусь

02 Март 2022

Казахстанцы и чай: в каких городах РК любимый напиток стоит дороже всего?

08 Ноябрь 2021

Доля новых автомобилей на дорогах РК растёт, однако почти две трети автопарка всё ещё составляют «старички». В стране также колесит «автохлам» с иностранными номерами

27 Октябрь 2021

Вам письмо: объём почтовых и курьерских услуг вырос за год сразу на треть

07 Октябрь 2021

Более 40% всех газифицированных сёл и городов Казахстана приходятся всего на два региона

06 Октябрь 2021

Летнее дизельное топливо подорожало на 8% за год. И это ещё до ситуации с наиболее острым дефицитом

29 Сентябрь 2021

В рейтинге стран по производству легковых автомобилей Казахстан занял среди 39 стран лишь 35-е место

24 Сентябрь 2021

Импорт медикаментов в РК вырос на 71% в натуральном выражении и на 92% — в денежном

Reviews

Казахстан