Ет және ет өнімдері 9% қымбаттады

Ет және ет өнімдері 9% қымбаттады

 

Биыл қаңтар–қыркүйекте ҚР-да ірі қараның, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқы мен жылқы тектестердің 57,4 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған еті өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4% артық.

Ең көп ет Қостанай облысында өндірілді: 10,1 мың тонна, бір жылда 26% көбейген. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан (8 мың тонна, 21,9% көбейген) және Ақтөбе (7,8 мың тонна, 3,5% көбейген) облыстары да кірді.

Толық 2022 жылы елде 73,1 мың тонна ет өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4% артық.

 

 

Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша, республикада 9,2 млн бас ірі қара болды, бұл былтырғыдан 2,9% көп. Оның 4,8 млн басы сиыр, көрсеткіш бір жылда 4,9% көбейген.

Сондай-ақ жылқы (8,2%, 4,1 млн басқа дейін), түйе (5%, 278,6 мың басқа дейін), қой (4,2%, 21,8 млн басқа дейін) және құс (4,2%, 52,1 млн басқа дейін) көбейді.

Ешкі 3,5%, 2,4 млн басқа дейін, шошқа 2%, 832 мың басқа дейін азайды.

Жалпы, шаруашылықтарда тірі салмақта 1,5 мың тонна (бір жылда 4,9% көбейген), сойылғандағы салмақта 891,1 тонна (5,2% көбейген) мал мен құс сойылды немесе союға сатылды. Сондай-ақ фермерлер 5,2 млн тонна сиыр сүтін (2,7% көбейген) және 3,8 млрд тауық жұмыртқасын (1,9% азайған) алды.

 

 

Биыл екінші тоқсанда ҚР-да ет және ет өнімдерін тұтыну бір адамға орта есеппен 19,7 кило болды — былтырғыдан 3,5% көп.

Қазақстандықтар сиыр етін ең көп тұтынды: бір тоқсанда 6,1 кило, жылдық өсім 7,8%. Екінші және үшінші орындарда жылқы еті (1,4 кило, 9,2% көбейген) және қой еті (1,4 кило, 2,1% азайған) иеленді.

Ет өнімдерінің ішінде қазақстандықтар көбіне тартылған етті (бір адамға орташа есеппен 1,8 кило), жартылай ысталған шұжықты (988 грамм), қайнатылған шұжықты (663 грамм), сосиска және сарделька (533 грамм), сондай-ақ сиырдың бауырын ( 185 грамм) тұтынады.

Ет пен ет өнімдерін ең көп жейтіндер Атырау облысының тұрғындары. Екінші және үшінші орындарда Ақмола мен Маңғыстау облыстары.

 

 

Биыл қыркүйекте ет және ет өнімдері бір жыл ішінде 8,6% қымбаттады. Оның ішінде ет пен құс еті 8,3%, шұжық өнімдері 9,9%, ет өнімдері 8,4% қымбаттады.

Сиыр еті — 10,6%, шошқа еті — 10,3%, жылқы еті — 7,3%, қой еті — 6,7%, құс еті — 2,8% қымбаттады. Шұжық өнімдерінің ішінде қайнатылған шұжық 10,4%, жартылай ысталған шұжық 9,4% қымбаттады.

Ет және ет өнімдері ең қатты қымбаттаған өңір Ақмола облысы: 13,9%. Одан кейін Алматы облысы (12,2%) және Астана (11,8%). Ең аз жылдық баға өсімі Шымкентте байқалды: 3,1%.

 

05 Март 2022

Фармацевтический рынок РК серьёзно зависит от импорта. При этом наши ключевые поставщики медикаментов среди стран СНГ — Россия, Украина и Беларусь

02 Март 2022

Казахстанцы и чай: в каких городах РК любимый напиток стоит дороже всего?

08 Ноябрь 2021

Доля новых автомобилей на дорогах РК растёт, однако почти две трети автопарка всё ещё составляют «старички». В стране также колесит «автохлам» с иностранными номерами

27 Октябрь 2021

Вам письмо: объём почтовых и курьерских услуг вырос за год сразу на треть

07 Октябрь 2021

Более 40% всех газифицированных сёл и городов Казахстана приходятся всего на два региона

06 Октябрь 2021

Летнее дизельное топливо подорожало на 8% за год. И это ещё до ситуации с наиболее острым дефицитом

29 Сентябрь 2021

В рейтинге стран по производству легковых автомобилей Казахстан занял среди 39 стран лишь 35-е место

24 Сентябрь 2021

Импорт медикаментов в РК вырос на 71% в натуральном выражении и на 92% — в денежном

Reviews

Казахстан