Ел ішінде баға 13% қымбаттады

Ел ішінде баға 13% қымбаттады

 

Биыл қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша ҚР-да 3,4 млн тонна бензин өндірілді, бұл былтырғыдан 5,4% көп.

Өңірлер бойынша Шымкент дәстүрлі түрде ең көп бензин өндірді: 1,3 млн тонна, бір жылда 8,2% азайған. Үздік үштікке Атырау (1,2 млн тонна, 30,4% көбейген) және Павлодар (980,4 мың тонна, 0,6% көбейген) облыстары кірді.

Жалпы, 2022 жылы елімізде бензин өндірісі 5 млн тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 3,1% көбейді.

 

 

Биыл қыркүйекте бензин бағасы былтырғымен салыстырғанда 13,4% өсті. Оның ішінде АИ-98 — 11,7%, АИ-92 — 12,8%, АИ-95/АИ-96 — 16,8% қымбаттады.

АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бағасы — 203 теңге, АИ-95/АИ-96 — 249 теңге, АИ-98 — 261 теңге болды.

Өңірлер бойынша Алматыдағы бензин бағасы ең көп қымбатиады: былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 15% қымбаттаған. Одан кейін Алматы облысы және Қарағанды облысы: тиісінше 14,4% және 14,3% қымбаттаған.

РФ-дағы ықтимал қымбаттауды қоспағанда, бензин бағасының көтерілуіне алғышарт жоқ, деп хабарлайды zakon.kz. Қазіргі уақытта Қазақстанда сұраныс пен тұтыну теңгерілді, мұнай өнімдерінің қажетті қоры қалыптасты: дизель отыны — шамамен бір айға, АИ-92 және АИ-95 бензині 25 күнге жетеді. Мұнай өнімдерінің осы түрлерін өндіруді ескере отырып, тапшылық күтілмейді.

 

 

Биыл 13 қазандағы жағдай бойынша, әлемдегі ең арзан бензин Египетте: литріне 0,32 АҚШ доллары. Одан кейін Алжир (0,32 АҚШ доллары) және Кувейт (0,34 АҚШ доллары).

Қазақстанда бензин литрі 0,46 АҚШ доллары, тиісінше бесінші орында. ТМД елдерінің ішінде ең арзан бензин Қазақстанда. Ресей әлем бойынша бензин арзандығынан жетінші орында: 0,53 АҚШ доллары.

Әзірбайжанда бір литр бензин 0,62 АҚШ доллары, Беларусьте — 0,75 АҚШ доллары, Өзбекстанда — 0,89 АҚШ доллары, Арменияда — 1,2 АҚШ доллары, Украинада* — 1,44 АҚШ доллары.

Ең қымбат бензин Гонконгта (2,88 АҚШ доллары), Финляндияда (2,23 АҚШ доллары) және Грекияда (2,14 АҚШ доллары).

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

 

05 Март 2022

Фармацевтический рынок РК серьёзно зависит от импорта. При этом наши ключевые поставщики медикаментов среди стран СНГ — Россия, Украина и Беларусь

02 Март 2022

Казахстанцы и чай: в каких городах РК любимый напиток стоит дороже всего?

08 Ноябрь 2021

Доля новых автомобилей на дорогах РК растёт, однако почти две трети автопарка всё ещё составляют «старички». В стране также колесит «автохлам» с иностранными номерами

27 Октябрь 2021

Вам письмо: объём почтовых и курьерских услуг вырос за год сразу на треть

07 Октябрь 2021

Более 40% всех газифицированных сёл и городов Казахстана приходятся всего на два региона

06 Октябрь 2021

Летнее дизельное топливо подорожало на 8% за год. И это ещё до ситуации с наиболее острым дефицитом

29 Сентябрь 2021

В рейтинге стран по производству легковых автомобилей Казахстан занял среди 39 стран лишь 35-е место

24 Сентябрь 2021

Импорт медикаментов в РК вырос на 71% в натуральном выражении и на 92% — в денежном

Reviews

Казахстан