Өңделген сүт пен кілегей өндірісі 5% өсті

Өңделген сүт пен кілегей өндірісі 5% өсті

 

Биыл қаңтар–қыркүйек соңында сүт өнімдері өндірісі құндық мәнде 444,5 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 25% артық (ӨӨИ — 101,3%).

Физикалық мәнде өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 444,1 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 5,4% артық. Бұл ретте ашытылған сүт сусындарының өндірісі бір жылда 0,6%, яғни 171,4 мың тоннаға дейін қысқарды. Алайда, бұл санатта ұлттық ашытылған сүт сусындары — шұбат пен қымыз өндірісі көбейді: тиісінше 5,7% және бірден 52,8%.

Ірімшік пен сүзбе өндірісі 16,6%, 31,9 мың тоннаға, сары май мен спред өндірісі 23,3%, 22,9 мың тоннаға дейін өсті. Ал қатты күйдегі сүт өндірісі 41,9%, 3,7 мың тоннаға дейін төмендеді.

Балмұздақ өндірісі 32,6% өсіп, 46,5 мың тоннаны құрады.

 

 

Биыл қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар жаңа сауылған сүтті қоспағанда, сүт өнімдеріне сұраныстың 82,5%-ын (ішкі нарықтағы сату және экспорт) қамтамасыз етті. Оның ішінде өңделген сұйық сүт пен кілегейге сұраныс 94,9%, қатты күйдегі сүт — 16,1%, ірімшік пен сүзбе — 55,6%, сары май — 79,3%, йогурт — 84,4%, қоюландырылған сүт пен кілегей — 37,9% қамтамасыз етілді.

Жергілікті кәсіпорындар балмұздақ пен мұзға деген сұранысты 82,6%-ға қамтамасыз етті.

 

 

Биыл қыркүйек соңында сүт өнімдері бір жыл ішінде 16,1% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында байқалды: бір жылда 24,7%. Одан кейін Қызылорда (24,3%) және Ұлытау (23,7%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында байқалды: 10%.

Барлық сүт тағамдарының ішінде ішетін сүт 20%, сүт консервілері 26,4%, сүзбе 11,8%, қатты ірімшік 10,7%, ашытылған сүт өнімдері 15,7% қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде айран 17,5%, қаймақ 16,6%, йогурт 9,8% қымбаттады.

 

05 Март 2022

Фармацевтический рынок РК серьёзно зависит от импорта. При этом наши ключевые поставщики медикаментов среди стран СНГ — Россия, Украина и Беларусь

02 Март 2022

Казахстанцы и чай: в каких городах РК любимый напиток стоит дороже всего?

08 Ноябрь 2021

Доля новых автомобилей на дорогах РК растёт, однако почти две трети автопарка всё ещё составляют «старички». В стране также колесит «автохлам» с иностранными номерами

27 Октябрь 2021

Вам письмо: объём почтовых и курьерских услуг вырос за год сразу на треть

07 Октябрь 2021

Более 40% всех газифицированных сёл и городов Казахстана приходятся всего на два региона

06 Октябрь 2021

Летнее дизельное топливо подорожало на 8% за год. И это ещё до ситуации с наиболее острым дефицитом

29 Сентябрь 2021

В рейтинге стран по производству легковых автомобилей Казахстан занял среди 39 стран лишь 35-е место

24 Сентябрь 2021

Импорт медикаментов в РК вырос на 71% в натуральном выражении и на 92% — в денежном

Reviews

Казахстан